Премьер-министр Қашағанда мұнай өндіру жалғасуы мүмкін екендігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Қашағанда мұнай өндіру жалғасуы мүмкін екендігін айтты ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов. ©Мансұр Хамит

Премьер-министр Серік Ахметов 2014 жылдың шілде айында Қашаған кенішінде мұнай өндіру басталуы мүмкін екендігін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысы кеніштің жұмысы әлі жанданатынына сенім білдірді. "2014 жылы біз мұнай мен газ өндіру жоспарын орындаймыз деп сенемін. Дегенмен, Қашаған секілді ірі кен орнында жұмыстарды бастау үшін күрделі мәселелер жеткілікті. Әзірше бұл біреу болғанымен бірегей жобаға кіріп отыр", - деді С.Ахметов. Премьер-министр аталған кен орнында ірі нысандарды салу барысында жаңа технологиялардың пайдаланылғандығын мысалға ала отырып: "Бұл жобаны іске қосу оңайға түспей отыр. Мұнай өндірудің бас кезінде біраз жабдықтар, құбырлар істен шығып қалуына байланысты қазір Қашағанның жұмысы тоқтады. Бұйырса, бірінші әлде екінші жартыжылдықта нысан іске қосылады деп ойлаймыз. Осыған сәйкес биыл 3 млн тонна мұнайды өндіреміз деген болжам бар», - деді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети