29 мамыр 2023 09:05

Премьер-министр Смайылов екі әкімнің орындалмаған уәдесі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Инвестициялық штаб отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов екі әкімнің орындалмаған уәдесіне тоқталып, негізгі капиталға қаржы тарту қарқыны бойынша екі министрліктің жұмысын "әлсіз" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Инвестициялық штаб отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов екі әкімнің орындалмаған уәдесіне тоқталып, негізгі капиталға қаржы тарту қарқыны бойынша екі министрліктің жұмысын "әлсіз" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізіп, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралған.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-сәуірде НКИ-дың жалпы көлемі 3,8 триллион теңге болған, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға артық. Бұл орайда тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы салаларының көрсеткіштері жоғары.

Қаңтар-сәуірде жалпы республикалық нысаналы индикаторға қолжеткізілді. 20 өңірдің 12-сі жоспарларын орындады немесе асыра орындады. Олардың қатарында Түркістан (148 пайыз), Қызылорда (137 пайыз), Қарағанды (122 пайыз), Маңғыстау (122 пайыз) және Ақмола (116 пайыз) облыстары бар. Орталық мемлекеттік органдар арасында Денсаулық сақтау (167 пайыз), Оқу-ағарту (153 пайыз), Ғылым және жоғары білім (152 пайыз), Сауда және интеграция (143 пайыз), Ауыл шаруашылығы (116 пайыз), Экология және табиғи ресурстар (108 пайыз) министрліктері белгіленген көрсеткіштерді асыра орындады.

Премьер-министр 4 айдың қорытындысы бойынша облыстар мен орталық мемлекеттік органдардың дені НКИ бойынша көрсеткіштерді қамтамасыз еткенін, алайда 8 өңірдің нысаналы индикаторларға қолжеткізе алмағанын атап өтті. Аутсайдерлер – Ұлытау (52 пайыз), Абай (64 пайыз) және Жамбыл (65 пайыз) облыстары.

"Ұлытау және Жамбыл облыстары былтыр да жоспарды орындамаған. Аталған облыстардың әкімдері бұған дейін Инвестициялық штаб отырысында жағдайды биыл түзейміз деп уәде берген болатын. Бірақ, көріп отырғанымыздай, бұл өңірлер барлық облыстың ішінде ең соңғы орындарда қалып отыр", - деді Әлихан Смайылов.

Баяндамашыларды тыңдап болған соң, Үкімет басшысы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша инвестицияларға жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов Мәдениет және спорт (62 пайыз), Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі (61 пайыз) министрліктерінің НКИ бойынша жұмыс қарқыны өте баяу екенін атап өтіп, IT саласындағы жобалар санын ұлғайту, сондай-ақ туризм саласына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети