Премьер-министрге шағымнан кейін БҒМ шенеунігі жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрге шағымнан кейін БҒМ шенеунігі жауапқа тартылды Фото: elements.envato.com

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин БҒМ Цифрлық трансформация департаментінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин БҒМ Цифрлық трансформация департаментінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары "сұратылған ақпаратқа жауап беруден қашып жүрген БҒМ шенеуніктеріне" шағымданған. Депутаттар пандемия кезінде жүйе қашықтан оқуға дайын болмаса, білім саласын цифрландыруға бөлінген ақшаның қайда жұмсалғанын сұрады.

"Министрлік берген ақпаратқа сүйенсек, 29 шілде күнгі депутаттық сауалға жауап 2020 жылғы 8 қыркүйекте хатпен жолданған. Сіздің сауалыңызға уақтылы жауап берілмегені үшін Білім министрлігі Цирлық трансформация департаментінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Асқар Мамин.

Бұдан бөлек премьер-министр Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2016 жылдан бастап бөлінген ақшаның қалай қолданылғанын алдын ала тексеріп жатқанын атап өтті. 

"Тексеріс қорытындысын министрлік пен Есеп комитеті қосымша хабарлайды. Жалпы сіз көтерген мәселелер Үкіметтің бақылауында", - деді Мамин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети