Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге жауапкершілік туралы еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге жауапкершілік туралы еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, адам капиталын дамытуға қатысты тағы бір мәселе – Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді болуы.
"Еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет. Оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес. Мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақта 600-ден астам нысан салу жоспарланған. Жұмыстың бәрі уақтылы әрі сапалы жасалуы керек. Бұл – өте маңызды. Барлық жауапкершілік әкімдерге жүктеледі.
Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға көп көңіл бөлу қажет. Олардың әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалмауға тиіс. Осыған қатысты арнайы заң жобасы Парламентте бір жылға жуық талқыланды. Бұл құжатта, негізінен, дәрігерлердің жауапкершілігін сақтандыру ғана көзделген", - деді Президент.
"Осы ретте медицина саласының беделін арттыруға қатысты депутаттар мен мамандардың нақты ұсыныстары ескерілмеген. Медицина қызметкерлері заң арқылы қорғалуға тиіс. Парламент осы мәселені ерекше назарға алғаны жөн".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!