Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының жаңа орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының жаңа орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.
1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. Үйленген, 4 баласы бар.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.
2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
2007 жылы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.
2007-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.
2011 жылы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2011 жылы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.
2011-2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
2019 жылғы 24 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!