Президент Әкімшілігінде жаңа тағайындау болды

14 Шілде 2017, 18:19
0
Президент Әкімшілігінде жаңа тағайындау болды - Айдын Құлсейітов
Айдын Құлсейітов

Айдын Құлсейітов ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың сайтында.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Аяна Тоқтағанқызы Манасованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылғаны хабарланды.

Айдын Жеңісұлы Құлсейітов - 1976 жылы 9 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Жарнама жөніндегі агент, "Жанна" ЖШС-нің менеджері болып қызмет атқарған. 1997-1999 жылдары - "Олжа" ЖШС-нің бас менеджері, директорының орынбасары. 1999-2000 жылдары - "Латифа" ЖШС-нің бас директоры. 2000-2003 жылдары - Өскемен қалалық Индустрия, экология және байланыс бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы. 2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті директоры, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Индустриалды саясат департаментінің директоры. 2008 жылы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Стратегиялық жоспарлау және салааралық реттеу департаментінің директоры. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2009-2012 жылдары "Ұлттық инновациялық қор" АҚ Басқарма төрағасы. 2012 жылдың мамыр айынан 2014 жылдың мамырына дейін "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ Басқармасының төрағасы болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай