07 қараша 2022 | 13:08

Президент Ақтаудағы құрылыс мәселесі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және Ақтаудың сәулеттік келбетіне назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және Ақтаудың сәулеттік келбетіне назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Облыс тұрғындарын мазалайтын тағы бір мәселе – коммуналдық қызметтің сапасы. Қазір Ақтау қаласының инженерлік жүйесінің 75 пайызы ескірген. Үкіметке облыс орталығының инженерлік жүйесін қайта жабдықтауға қажетті қаражат бөлуді тапсырамын. Ақтау қаласындағы құрылыс мәселесіне арнайы тоқталғым келеді", - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Ақтау қаласын еліміздің басты туризм орталығының бірі ретінде дамыту көзделіп отыр.

"Теңіз жағасындағы қала қазіргі заманғы озық талаптарға сай болуға тиіс. Облыс орталығындағы ескі үйлердің мәселесін шешу қажет. Қалада мұндай 280 үй бар. Үкіметке Ақтау қаласындағы тұрғын үйлерді жаңғырту жөнінде арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент Жаңаөзенді кешенді дамыту мәселесіне баса назар аудару қажет екенін айтты.

"Ондағы күрделі түйткілдерді шешуге 580 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл – бір қала үшін қомақты қаржы. Оны мақсатына сай тиімді жұмсау қажет. Жалпы, облыс әкімдігінің Жаңаөзенді дамыту үшін қабылдап жатқан шаралары толық орындалуға тиіс. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды созбалаңға салмай дер кезінде іске асыру қажет", - дейді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети