Президент: Алматы орталығы жаяу жүргіншілерге лайықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент: Алматы орталығы жаяу жүргіншілерге лайықталады Республика алаңы. ©Astanafans.com

Мемлекет басшысы Алматы қаласын дамыту мәселелері бойынша БАҚ өкілдері үшін өткізілген брифингте басты мақсаттардың бірі қаланың экологиялыұ жағдайын жақсарту екенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Алматы қаласын дамыту мәселелері бойынша БАҚ өкілдері үшін өткізілген брифингте басты мақсаттардың бірі қаланың экологиялыұ жағдайын жақсарту екенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Осы мақсатпен қоғамдық көлік газға көшірілуде. Бүгін екі жаңа метро станциясы ашылды, бұл да экологияның жақсаруына өз үлесін қосады. Жалпы, келешекте жаңа трамвайларды, электромобильдерді іске қосу, сондай-ақ қаланың орталығын жаяу жүргіншілерге лайықтау жоспарланып отыр", - деді Қазақстан Президенті. 

Ол сонымен қатар, Алматыны дамытуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанына назар аударды. "Барлық қазақстандықтар, соның ішінде мен де бармын, Алматыны жақсы көреміз. Тәуелсіздік жылдары қала бұрынғыдан да көркейе түсті. Мұнда өмір сүру, сапалы білім алу және емделу, еңбек ету үшін қажетті барлық жағдай жасалған. Универсиада-2017 үшін салынып жатқан барлық нысандар кейін халықтың игілігіне пайдаланылатын болады. Алматы – тұрғындары тату тұратын полиэтникалық қала, бұл берекелі тіршіліктің негізі болып саналады", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети