Президент Алматыдағы ескірген қоғамдық көліктер туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Алматыдағы ескірген қоғамдық көліктер туралы айтты Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесу барысында ескірген және экологиялық емес көлік түрлерінен бас тарту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесу барысында ескірген және экологиялық емес көлік түрлерінен бас тарту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ескірген және экологиялық емес көлік түрлерінен бас тарту керек. 2025 жылдан кейін Алматы көшелерінде дизельді автобустар қалмауы тиіс. Транзиттік жүк тасымалының көп бөлігін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына ауыстыру да қалаға оң әсерін тигізеді. Ол үшін алты радиал және төрт ішкі магистральдық көше салу қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Үкімет әкімдікпен бірлесе отырып, осы жобаларды қаржыландыру мәселелерін пысықтауы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ, қалаға кіреберістегі негізгі жолдарды қайта жаңғыртуды жеделдету қажет. Бұл маңызды жұмысты Алматы агломерациясының аясында үйлестіру қажет. Президенттің айтуынша, бүгінде Алматыда жолаушылар тасымалының негізгі үлесі автобустар мен троллейбустарға тиесілі. Сонымен қатар, маршруттық желі жеткілікті түрде тиімді ұйымдастырылмаған.

"Қалалық маршруттардың көпшілігі өте ұзақ, қалалық және қала маңындағы қоғамдық көліктер бір-бірімен нашар байланысқан, тасымалдауға ыңғайлы көлік тораптары жоқ. Бұл жағдайды тез арада өзгерту керек. Қоғамдық көліктердің тартымдылығын дәйекті түрде арттырып, сонымен бірге жеке көліктерді пайдалануды қысқартуды ынталандыру керек. Ол үшін метро желісін кеңейтуді жалғастыру қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети