22 қазан 2021 | 16:24

Президент Асқар Маминді қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

akorda.kz akorda.kz

Мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақорда" сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақорда" сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның экономикалық өсім қарқынын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен басқа да өзекті мәселелер туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы ел экономикасының қайта қалпына келу үдерісі қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсімі 3,4 пайыз болды. Дер кезінде дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың арқасында экономика қайта қалпына келді.

Асқар Маминнің мәліметіне сәйкес, нақты сектордағы тұрақты өсім 3,5 пайызға өсті, сондай-ақ карантин шектеулерін жеңілдету нәтижесінде қызмет көрсету секторының біртіндеп қалпына келуі экономиканың қайта өсуіне әкелді. Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 5,7 пайызға артты. Құрылыс саласы 9,7 пайызға ұлғайды. Елімізде 9 айдың ішінде 10,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8 пайызға жоғары.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысына әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен инфляцияға қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты.

Үкімет агроөнеркәсіп кешені секторында құн қалыптастырудың барлық тізбегі бойынша бағаны тұрақтандыру, сауда желілері мен отандық тауар өндірушілері арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау, тауар айналымын қаржыландыруды көбейту және тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алуды арттыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің сауда үстемесін жоғарылатуға жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жөнінде ақпарат берілді. Қазіргі барлық аймақта коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеген, ауыр науқастардың, стационарларда және амбулаторлық ем қабылдап жатқандардың саны азайған. Вирустың таралу индексі - 0,96. Жұқпалы ауруханалардың 37 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 31 пайызында науқастар ем алып жатыр. 8,1 миллион адам екпенің бірінші компонентін, 7,2 миллион адам екінші компонентін алған.

Асқар Мамин Президентке сыртқы және ішкі инвестициялардың көлемін арттыру, шағын және орта бизнестің әлеуетін ұлғайту, аймақтарды өркендету, өңдеуші секторды дамыту және кеңейту есебінен экономиканың құрылымдарын одан әрі дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері бойынша баяндады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети