Әскери қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуы елеулі тәртіптік құқық бұзушылық болып саналады. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әскери қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуы елеулі тәртіптік құқық бұзушылық болып саналады. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Президенттің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізіледі. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тәртіптік жарғысына қосымшада елеулі тәртіптік теріс қылықтардың түрлеріне ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысу немесе ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігуі жатады.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен, яғни 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, жарғының бұрынғы нұсқасында әскери қызметтің беделін түсіретін құқық бұзушылықтың түрі ретінде ақшаға бәс тігу болмаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!