Президент Астана әуежайының Нұрсұлтан Назарбаев аталуына қатысты пікір білдірді

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев ресейлік "Россия-24" телеарнасына берген с?хбатында елорда ?уежайына ?зіні? есімі берілуіне ?атысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік "Россия-24" телеарнасына берген сұхбатында елорда әуежайына өзінің есімі берілуіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент ресейілік телеарнаға Қазақстан үкіметінің Астана әуежайын "Нұрсұлтан Назарбаев" деп өзгерту туралы шешімі жайлы айтып берді. "Казахстан смотрит в будущее" атты арнайы репортаж Астана күні жарияланып отыр.

"Бұл менің бастамам емес. Мен бұған үнемі қарсы болатынмын. Халық маған баға беріп, осылай бағалап жатқан шығар.Олардың  атқарылған жұмыстарды көріп отырғандары үшін алғыс айтамын. Кез келген саясаткер, кез келген елдің көшбасшысы тарихта өзінің атқарған жұмыстарымен есте сақталуы тиіс", - деді Назарбаев.

Реклама
Реклама

"Мен Марк Рим императоры әрі философ Марк Аврелийдің айтқан бір сөзін жиі еске аламын. Оған былай деп сұрақ қойған екен: "Неге саған әлі күнге дейін ескерткіш қоймаған?", сонда ол "Мынау кімнің ескерткіші деп сұрағандарын қаламаймын. Мен кеткеннен кейін ғана неліктен оған ескерткіш қоймадыңдар" деп жауап берген екен", - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, биыл 21 маусымда Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілген болатын.  "1. Астана халықаралық әуежайы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" болып қайта аталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б. Сағынтаев", - делінген еді қаулыда.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама