21 маусым 2017 09:01

Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. ҚР Үкіметінің бұл туралы қаулысы "Казахстанская правда" газетінде жарияланды. 


Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. ҚР Үкіметінің бұл туралы қаулысы "Казахстанская правда" газетінде жарияланды. 

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Астана халықаралық әуежайы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" болып қайта аталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б. Сағынтаев", - делінген қаулыда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети