Президент Астана мен Алматының ролін түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Астана мен Алматының ролін түсіндіріп берді ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада халықаралық қаржы орталығы құрылатынын, бірақ Алматының қаржы қызметінің шоғырланған орталығы болып қала беретінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада халықаралық қаржы орталығы құрылатынын, бірақ Алматының қаржы қызметінің шоғырланған орталығы болып қала беретінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астанада халықаралық қаржы орталығының құрылуы туралы жарлыққа қол қойғаным сіздерге белгілі деп ойлаймын. 2017 жылы EXPO-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткіземін. Осы мақсатта үлкен нысандар салынып жатыр, өте қолайлы. Көрме өткеннен кейін осы нысардарды қаржы орталығына бергіміз келеді. Дайын нысандарды. Біз Дубай орталығымен егжей-тегжейлі келіссөздер жүргіздік, олардың заңнамасын, экономикасын, құру әдістерін Қазақстанға аламыз деп келістік", - деді Мемлекет басшысы Астана экономикалық форумында. 

Оның айтуынша, қаржы орталығы ағылшын құқығының, жеңілдігі бар салық режимі және тәуелсіз қаржы соты ұстанымдарының негізінде құрылады. "Астана қаржы орталығы Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының ядросы болатынына сенімдіміз, алдағы уақытта түгелдей Орталық Азия өңірінің қаржы хабы болатынына сенеміз. Осыған қарамастан, Қазақстанның қаржы институттары орналасқан Алматы болса қаржы қызметтерінің шоғырланған және ел ішіндегі қаржы делдалдық орталығы болып қала береді. Барлық осы шаралар көпмерзімді, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Осыған дейін Мемлекет басшысы EXPO-2017 жоғары технологиялық инфрақұрылымының негізінде ерекше мәртебеге ие Астана қаржы орталығының құрылатыны жайлы айтқан болатын. "Индустриализацияға негізделген экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету үшін біз түбегейлі құрылымдық реформа өткіземіз. Білім беру мен денсаулық сақтау салалары ЭӘДҰ-на мүше елдердің стандарттарына бағытталады. Экономиканың диверсификациясы үшін өнеркәсіпті қайта өңдейтін трансұлттық компанияларды тартамыз. Осы арқылы Қазақстан әлемдік нарыққа шыға алады. Біздің ел Еуразияның транспарентті, логистикалық орталығы болады", - деген еді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети