25 сәуір 2014 16:42

Президент астаналықтарға велосипед тепкізуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев велосипедпен көбірек жүруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев велосипедпен көбірек жүруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қоғамдық көлікті дамыту қажет, жазда велосипедпен көп жүру қажет. Осыған қол жеткізуіміз керек. Автокөлік кептелісінің молшылығынан түтін ортасында қалмау мәселесін қазір шешу қажет", - деді Назарбаев. Астананы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте ол қала инфрақұрылымын дамытуға, жол қозғалысын ұйымдастыруға, жолдардың сапасын арттыру мен қозғалысты ыңғайлы етуге көңіл аудару қажеттігін баса айтты.

"Мен қызық бір идея туралы оқыдым. АҚШ пен батыс Еуропада мамандар автожолдар мен жолайрықтарды көбейткен тиімсіз деген шешімге келді. Себебі, жаңа жолдарды салудың нәтижесінде көліктердің саны артады. Соның салдарынан кептеліс мәселесі шешілмей жатады. Осыған байланысты қала автокөліктерінің санын азайту мәселесін өзгеше тәсілмен шешу ұйғарылды. Олар жолдар мен тұрақтардың салығын барынша арттырып, халықтың көлікпен жүруге деген ынтасын төмендетті. Осының арқасында қалаларда көлік қатынасы азайды. Ал кейбір тұрғындар одан мүлдем бас тартты. Қазір бірқатар дамыған мемлекеттерде автокөліктердің саны өсіп жатқан жоқ, керісінше, төмендеп келеді", - дейді Н.Назарбаев. 

Президенттің айтуынша, ондай қадамға барған елдер эстакадалар мен тас жолдарды бұзып, орнына қоғамдық демалыс жерлерін ашып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети