Президент азаматтарға арналған салықтық рақымшылық рәсімін реттеу заңына қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент азаматтарға арналған салықтық рақымшылық рәсімін реттеу заңына қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы қаржы саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтарға арналған салықтық рақымшылық рәсімін реттеуге және жаппай жария ету мерзімдерін ауыстыруға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Сенат сайтының мәліметінше, құжат Президенттің қаржы секторын реттеудің тәуелсіз органын құру туралы тапсырмасына сәйкес әзірленді; реттеуші арбитражды және тұтынушылық кредит беру нарығындағы жүйелік проблемаларды жою қажеттілігіне сәйкес әзірленді.

Ол түзетулердің үш блогын қамтиды. 

Осыған дейін Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларациялауды 2025 жылға ауыстыру жоспарланғанын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети