ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 қаңтар 2022 12:54
Президент баспасөз хатшысының мәлімдемесі: Тоқаев - мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Хабарламаны Ақорданың баспасөз қызметі таратты.
"Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің блогосферадағы әртүрлі алып-қашпа сөздерге қатысты түсіндірмесі:
Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жариялануда.
Осыған байланысты мынадай мәлімдеме жасау қажет деп санаймын:
Қасым-Жомарт Тоқаев - мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.
Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды.
Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндері де осылай болған.
Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арнаған өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу