Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақшаны басшылық жүретін жолға емес, жайсыз аудандарға жұмсауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны дамыту жөніндегі және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі жиналыс кезінде айтты.

"Басшылық жүретін жолды жалай бермеу керек. Бар қаражатты жайсыз аудандарға, жолы жоқ аудандарға бөлу керек. Сонымен қатар, кварталдарды, аз спортты құрылымдарды тазалау, қаланы көгалдандыру, субұрқақтарды қалпына келтіру және арық жүйесін жөндеу жөніндегі жұмыстарды жариялау керек. Орталықта барлығы бар, бірақ сонда да тағы бір тас жол қабатын саласыздар, мұның қажеті жоқ. Қарапайым адамдар өз аудандарында сезуі керек", - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, қаражатты қаланың коммуналдық шаруашылығына және әлеуметтік салаға жұмсау керек. "Сумен, газбен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мектеп жағдайларына, балабақшаларға - қаражатты сол жаққа жұмсау керек", - деді ол.