25 желтоқсан 2014 | 14:37

Президент билбордтардағы өз суретін еңбекпен қамту туралы ақпаратпен ауыстыруды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nytimes.kz ©nytimes.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өңірлерге кіріп келе жатқанда ілініп тұратын өз портреттерін жұмысқа орналасқандар туралы ақпараты бар баннерлермен алмастыруды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өңірлерге кіріп келе жатқанда ілініп тұратын өз портреттерін жұмысқа орналасқандар туралы ақпараты бар баннерлермен алмастыруды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан экономикасының алты пайыздық өсімін қамтамасыз ету үшін бізге жыл сайын 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашу керек, мұны бәрі есте сақтауы тиіс. Біз облыс орталықтарына кіреберісте менің портреттерімді емес, өткен айда, өткен тоқсанда қанша жұмыс орны ашылғаны жазылған кестелерді ілуіміз керек. Мен, міне, осыны талап етемін. Бұқаралық ақпарат құралдары қанша жұмыс орны құрылғанын, қандай орындар ашылғанын көрсетсін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру жөніндегі жалпыұлттық телекөпір барысында. 

Айта кетейік, бүгін салтанатты жағдайда, "онлайн" режимде еліміздің әр аймағында Индустрияландыру картасы бойынша барлығы 15 жаңа жоба іске қосылды. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети