Президент Біртанов пен Сағадиевті мақтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Біртанов пен Сағадиевті мақтады © Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында денсаулық сақтау және білім министрлерін мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында денсаулық сақтау және білім министрлерін мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дәрі-дәрмектің бағасы реттеліп жатыр, барлығы шынайы. Осы үшін денсаулық сақтау министрін мақтағым келеді. Дәрілерді есепке алу тәжірибесі бізге бюджеттен 26 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Міне, осыны үйрену керек. Мұндай жұмысты басқа да бағыттарда жүргізу қажет", - деді Назарбаев кеңейтілген отырыс барысында.

Президенттің айтуынша, қазақстандықтарды әлі күнге дейін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселесі алаңдатады.

"Кейбір ауылдарда медициналық тексеруден өтетін пунктерді ашуға болады. Сондай-ақ, үш жыл ішінде жедел жәрдем орталықтарын реанимобильдермен қамтамасыз ету керек. Осының барлығы үшін үкіметтегілерге 27 миллиард теңге бөлу керек", - деді Назарбаев.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы барлық әкімге өңірлерде тәртіп орнатып, оларға сеніп тапсырылған жұмыстарды атқаруды тапсырды.

"Барлық мектепті арнайы көлікпен, Интернетпен қамтамасыз ету керек. Білім беру рейтингіндегі позицияларымыз төмендеп жатыр", - деді Назарбаев.

"2018 жылы рейтингте 57-орынға шықтық. Реформалар жүргізіп, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - деді білім және ғылым министрі.

"Дұрыс жолда келе жатырсың, жарайсың", - деді Президент Сағадиевке.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети