Президент бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізуді тапсырды Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті іске асырылғанын еске салды. 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды.

"Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл азаматтарды тұрғылықты жерде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Елордада және өңірлерде мамандандырылған ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинатальды орталықтар бой көтеруде. Дегенмен алдағы жұмыс – ауқымды. Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр. Сондықтан Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет", - деді Президент.

Айта кетсек, Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   566.33   6.71 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +31
Ақтау +31
Ақтөбе +26
Атырау +31
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +31
П
Павлодар +28
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +30
Тараз +31
Түркістан +27
О
Орал +32
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер