Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті.

Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Ұлттық экономиканың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндамалар жасалды.

Талқылау барысында Мемлекет басшысы республикалық және жергілікті деңгейде қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызы зор екенін атап өтті.

Президент бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, барлық әлеуметтік міндеттемелер мен өңірлердің ұзақмерзімді жоспарларын қаржыландыруға, сонымен қатар қаражатты мақсатқа сай бөлуге және игеруге баса назар аудару қажет деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети