Президент денсаулық сақтау министрінің есебін тыңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент денсаулық сақтау министрінің есебін тыңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен телефон арқылы сөйлесіп, еліміздегі коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде есебін тыңдады. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, елордада індетті жұқтырушылар саябырлап, эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен, соңғы аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандардың саны 10 пайызға артқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 1 тамыздан бастап елімізде індеттің таралу индексі 1,11-ден 1,01-ге дейін азайып, 9 пайызды құрағаны жөнінде ақпарат берілді. Алексей Цой Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралу индексі 1 бірліктен төмендегенін, Алматыда 19 пайызға азайғанын жеткізді.

Бүгінгі таңда аймақтардағы 328 медицина нысанында 55 658 науқас емделіп жатыр. Республика бойынша ауруханалардағы төсек-орындардың - 54 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 45 пайызында науқастар ем қабылдауда.

Алексей Цойдың айтуынша, қазіргі таңда 5,9 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті салынып, екпе алатын тұрғындардың 59 пайызын құраған. 4,5 миллион адамға екпенің екінші компоненті салынып, екпе салынатын тұрғындардың 45,2 пайызы қамтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети