25 сәуір 2014 | 13:58

Президент депозитте ақша ұстайтын мекемелер туралы біледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото business-news.ru сайтынан Фото business-news.ru сайтынан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімдігіне қарасты сан алуан мекемелердің бюджет қаржысын депозитке салып, пайда көргенін жақсы біледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімдігіне қарасты сан алуан мекемелердің бюджет қаржысын депозитке салып, пайда көргенін жақсы біледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мәселен, өткен жылы әкімдікке қарасты акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және коммуналдық кәсіпорындар сияқты мекемелерге бюджеттен 85 миллиард теңге бөлінген болатын. Бұл - қала бюджетінің төрттен бір бөлігі. Ал сол мекемелердің 32-сі тиімсіз болып танылса, 8-і банкроттықтың сәл-ақ алдында тұр. Неге сіздер ондай ұйымдарға мемлекет қаржысын игеруге рұқсат бересіздер? Біле-білсек, былтыр аталған мекемелер банктерде 16 миллиард теңгені ұстады. Демек, олар бюджет қаржысын айналдырып, пайда көрді. Ол пайданың қайда кеткенін әлі де анықтау қажет. Мен бұл мәселе туралы жыл сайын айтып келемін. Бірақ нақты шешім жоқ", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев бүгін Астананы дамыту жөніндегі кеңесте. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети