Бүгін Астана қаласын дамыту кеңесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев елорда базарларының санитарлық жағдайын ретке келтіріп, тәртіпке бағынбайтындарға айыппұл салуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, базарлар жабылмайды. Негізгі мақсат - олардың санитарлық жағдайды ретке келтіріп, салық түсімін қамтамасыз ету. "Қазір елордада 15 базар бар. Соның үштен бірі азық-түлік сатады. Ал тағы бір бөлігінде құзіретті органдардың рұқсаты да жоқ. Сол себепті олар салық төлемей отыр. Біріншіден, қалай болса, солай жұмыс істейді. Екіншіден, салық төлемейді. "Еуразия" сауда орталығының өзі жергілікті бюджетке бір миллиард теңгенің салығын төлемепті. "Шанхайдың" санитарлық жағдайы сын көтермейді. Олардан талап ету керек. Күштеп істеткізу керек. Айыппұл салу қажет. Антисанитарияға жол бермеген жөн. Халық ол жерден азық-түлік өнімдерін алып жүр ғой", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Осы орайда Президент Астана қаласының әкімдігі, қаржы министрлігі мен тұтынушылар құқығын қорғау агенттігіне тиісті тапсырма беріп, елорда базарларында тәртіп орнатуды жүктеді.