02 шілде 2018 14:33

Президент елорданың бірқатар жаңа нысанын аралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Бүгін Мемлекет Басшысы Есіл өзені арқылы өтетін вело-жаяу жүргіншілер жолының тұсауын кесті. Содан соң Нұрсұлтан Назарбаев Достық үйіне барып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Мемлекет Басшысы Есіл өзені арқылы өтетін вело-жаяу жүргіншілер жолының тұсауын кесті. Содан соң Нұрсұлтан Назарбаев Достық үйіне барып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада көптен күткен осы жаздағы нысанның бірі - Есіл өзеніндегі көпір арқылы өтетін жаңа вело-жүргіншілер жолы.

"Астаналықтар бас қаланың 20 жылдығына орай осыншама қуаныш пен бақыт сыйлап отырған еліміздің барлық өңіріне алғыс айтуы тиіс. Астананы бүкіл ел болып салды және осы күнге барша халық қуанып жатыр", - деді ашылу салтанатына келген Назарбаев. 

Есіл өзені арқылы өтетін "Атырау көпірі" жаяу жүргіншілер көпірі - бірегей конструкция, ол Самал шағын ауданы мен Орталық саябақтың аумағындағы ашық амфитеатрмен бірігіп жатыр. 

Әкімдіктегілердің мәліметінге, көпірдің сыртқы декоративті көрінісі 2450 аллюминий жапырақтарынан тұрады, оның әрқайсысы қайталанбайтын формаға ие. Жаяу жүргіншілер көпірінің жалпы ұзындығы - 313,5 метр, ені - 10,5 метр, жолақтарды қосқанда 6 метр, веложол 3 метр және жолақтары қауіпсіз. Металлдан жасалған конструкцияның салмағы - 1920 тонна.

Сондай-ақ, Елбасы Астанадағы Достық үйіне де бас сұқты. Достық үйін елордаға Маңғыстау облысы тарту етті. Бұл ғимараттың жалпы алаңы 4,9 мың шаршы метр, Қазақстан халқы ассамблеясының тиімді жұмыс жасауы үшін барлық жағдайды жасаған, яғни мемлекеттік тілді үйренетін мультимедиялық және лингафон орталығы қарастырылған. Бұдан басқа, өзге ұлттардың да тілін, дыбыс жазба студиясы, би залы, костюмер, гример, ұлттық шығармашылықпен айналысатын шеберлік кабинеттері де ұмыт қалмаған.

"Достық үйінде сонымен қатар дөңгелек үстел, конференц-зал, сұхбат алаңын өткізетін орындар мен Ассамблея музейі, кітапхана, кафе де бар. Жинақы да әдемі кеңселерде барлық облыстың этномәдени орталықтары сыйып кеткен.

Өзінің сапар барысында Мемлекет Басшысы Маңғыстау облысының қоғамдық және Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерімен жүзбе жүз сөйлесті. Жиылғандар Қазақстан Президентіне Достық үйі үшін алғысын білдірді", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети