Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ерекше аймақтық мәртебесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ерекше аймақтық мәртебесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын нығайту. Мен жоғарыда айтқанымдай, бұл - аса маңызды міндет. Біз осы аймақта ерекше мәртебеге ие екенімізді батыл мәлімдей білуге тиіспіз. Бұған толық негіз бар.
Атап айтқанда: экономикамыз Орта Азиядағы басқа елдердің экономикасына қарағанда әлдеқайда қуатты; біз Еуразиядағы басты көлік дәліздері тоғысқан геостратегиялық орталықта тұрмыз; ауқымды экономикалық және демократиялық реформалар белсенді түрде жүзеге асуда; зияткерлік және адами ресурсымыз бар; халықаралық қауымдастықтың алдындағы абырой-беделіміз жоғары", - деді Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында.
Президеттің айтуынша, бұл Орталық Азияның тағдыры үшін Қазақстанға ерекше жауапкершілікті жүйтейді.
"Өңірдегі өзекті мәселелерді айқындап, оны шешу кезінде еліміз маңызды рөл атқарады.
"Су дипломатиясы" бойынша келіссөзді тезірек аяқтау Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің және Ресей мен Қытайдың ортақ мүддесіне сай келеді деп санаймын. Трансшекаралық су ресурстарын әділ және тиімді пайдалану аймақта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі болмақ", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!