Президент фестивальде балалармен жүздесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент фестивальде балалармен жүздесті Ақорда

Мемлекет басшысы "Jas Galym. Science Quest" фестиваліне қатысушы балалармен жүздесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Jas Galym. Science Quest" фестиваліне қатысушы балалармен жүздесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ұйымдастырылған "Jas Galym. Science Quest" фестиваліне барып, балалармен кездесті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге "Science", "Engeneering", "Art", "Technology" және "Mathematics" станцияларын аралап көрді.

Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды. Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Сондай-ақ, жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети