Президент: Индустрияландыру жобасына әкімдер басымен жауап береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент: Индустрияландыру жобасына әкімдер басымен жауап береді © Divany.hu

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің басты мақсаты индустрияландыру туралы жобаны жүзеге асыру екендігін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің басты мақсаты индустрияландыру туралы жобаны жүзеге асыру екендігін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұрлы жол" экономикалық және индустрияландырудың негізгі жұмыстары Астанада емес, аймақтарда жүреді. Сондықтан да, осында отырған және тыңдап отырған әкімдердің барлығы бастарымен жауап беретіндерін түсінуі тиіс. Себебі, бұл басты жұмыс, сіздерден басқа ештеңе талап етілмейді. Бұл басты талапты орындау үшін адамдарды жинау керек. Қазақстанның заманауи жағдайда өмір сүруі - саяси талап. Мұның барлығы қиын кезеңде экономикалық дағдарыстың ықпалына түсіп қалмауы үшін жасалып отыр. Бұл жұмыстар жаңа өндіріс орындарын ашып, адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге септігін тигізеді", - деді Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында.

"Облыстарда, қалалар мен аудандарда жұмыс орындарын ашу деңгейі төмендеп бара жатыр - бұл әкімдердің жұмысының басты көрсеткіші. Шағын және орта бизнес даму керек. Бізге үлкен өнеркәсіптер емес, осылар керек, ірілері уақыт өте келе жойыла береді", - деді ол.

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жалпыұлттық телекөпір өтіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети