07 сәуір 2014 | 16:27

Президент жаңа Мәдениет министріне тілді дамытуды жүктеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына мемлекеттік тілді дамытуды тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы ведомство жұмысының басым бағыттарын белгілер берді.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына мемлекеттік тілді дамытуды тапсырды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы ведомство жұмысының басым бағыттарын белгілер берді.

"Азаматтық қоғаммен ынтымақтасу керек, мемлекеттік тілді үйрететін орталықтардың аккредиттелген желісін құруды жалғастыру қажет. Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде шығармашылық одақтармен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен, "Болашақ" бағдарламасымен жұмысты жандандыру керек", - деп атап өтті Елбасы министрмен әңгімесі барысында.

Президент әлеуметтік маңызы бар сапалы мазмұнды әдебиеттің шығарылып жатқанын айтты. "Біз - жазушыларға өз жұмысын басып шығаруы үшін қаражат бөлетін жалғыз мемлекетпіз. Шығармалар ел ішінде де, шет елдерде де біздің мәдениетіміздің ролін арттыруға бағытталуы керек", - деді Назарбаев.

Кездесу барысында Ұлттық мұражай ашу, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық мәселелері мен министрліктің шешуші бағыттары туралы талқыланды. Мемлекет басшысы республикада ролі тұрақты артып келе жатқан 8000 жергілікті және 39 республикалық мәдениет ұйымы бар екенін атап өтті. Соңғы 10 жыл ішінде театрға барушылар саны 50%-ға, мұражайларға барушылардың қатары 40%-ға, концерт залдарына барушылар 100%-ға, ал кинотеатрларға барушылар саны 400%-ға көбейген.

"Мұның бәрі халықтың әл-ауқатының артқанын және мәдениетке, білімге деген ынтаның өскенін білдіреді. Соған байланысты осы саладағы кадрларды сапалы даярлау, қызметтің бірыңғай тәжірибелерін әзірлеу мәселесін қарастырған жөн. Әр облыста мемлекет қаржыландыратын 2 театрдан бар. Бүгінде халық арасында олардың қандай жұмыс жүргізетініне, мәдени салмағы мен қызметінің сапасы қаншалықты екендігіне көбірек көңіл аударған жөн", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети