Президент жаңа тағайындалған төтенше жағдайлар министрін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент жаңа тағайындалған төтенше жағдайлар министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке қайта құрылған министрліктің құрылымы, басқа мемлекеттік органдардан өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы кейбір функцияларды, мемлекеттік материалдық қорды беру үдерісі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің құрамына кірген әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмыстары туралы баяндалды.

Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік қызметінің 25 жылдығы қарсаңында, аталған құрылымды қайта қалпына келтіргені үшін мекеме қызметкерлерінің атынан алғыс білдірді.

Мемлекет басшысына осы жылдың 8 айындағы төтенше жағдайлардың, табиғи және техногендік апаттардың, сондай-ақ, осындай жағдайларда қаза болғандар санының азайғаны туралы да ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымымен және қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу, түрлі төтенше жағдайларды азайту, қар бұрқасындарына әзірлік, сондай-ақ, көктемгі тасқындар мен елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети