ПОДЕЛИТЬСЯ
24 наурыз 2022 | 11:51
Президент Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли биыл - Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл болғанын, бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып отырғанын атап өтті.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлының мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также