24 наурыз 2022 11:51

Президент Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасынан алынған сурет Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасынан алынған сурет

Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли биыл - Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл болғанын, бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып отырғанын атап өтті.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлының мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттаған болатын.

Суреттер Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасынан 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети