Президент Жолдауын іске асыру: Жамбыл облысының прокуратурасы Үйлестіру кеңесін өткізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

2024 жылғы 12 қыркүйекте Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, онда діни қызмет, ұлтаралық келісім және мемлекеттік шекара саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2024 жылғы 12 қыркүйекте Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, онда діни қызмет, ұлтаралық келісім және мемлекеттік шекара саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Облыс прокуроры отырысты ашукезінде шекара маңындағы аумақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға алу қажеттілігі ерекше назар аударылды, сондай-ақ этностардың анклавтық тұратын жерлерде арнайы топтармен жұмысының бастамасы қолдау табылды.

Жыл сайынғы бірлескен Жиынтық жоспарлар шеңберінде қабылданған ұйымдастыру шараларымен соңғы 4 жылда шекара маңы аумағының 279 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, шекараның 77 осал учаскесіндегі инженерлік құрылыстар салынып және қажетті жерлері жөнделді, 277 бейнебақылау камерасы орнатылды, Сыпатай батыр өткізу пунктінде жылжымалы тексеру кешенін жөндеуге 183 млн теңге бөлінді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде тәркіленген және иесіз малды уақытша ұстау мәселесі шешілді.

Облыс әкімі құқық қорғау органдарының заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысын қолдап, жергілікті атқарушы органдардың осы жұмысқа тікелей қатысуын көздейтін бірқатар қосымша шараларды ұсынды.

Отырыс нәтижесі бойынша халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге баса назар аударатын "Бірлік пен татулық" жаңа тұжырымдамасын, сондай-ақ шекара маңындағы қылмыстардың алдын алу жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған Жиынтық жоспарынбекіту туралы бірлескен шешім қабылданды.

Tengrinews
Жамбыл облысының прокуратурасы ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro