04 маусым 2019 | 08:41

Президент жұмыс сапарымен Атырауға ұшып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусымда түстен кейін Атырау облысына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлиге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусымда түстен кейін Атырау облысына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Болашақ" мұнай және газ өңдеу зауытына, "АРЕС PetroTechnic жоғары колледжіне" барады, сондай-ақ, ертең өңір жұртшылығымен кездеседі", - деп жазды Берік Уәли. 

Кейінірек Ақорда сайтында Мемлекет басшысы "Болашақ" зауытының өндірістік нысандарын тікұшақпен аралап көргені туралы хабарланды. 

Қазақстан Президентіне мұнай-газ саласының ахуалы мен оны дамыту перспективалары жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына мұнай өңдеудің және тұрақтандырудың, сұйылтылған газды мұнайдан ажыратудың және тазалаудың, табиғи күкіртті өндірудің және оны сақтау мен тасымалдаудың технологиялық үдерістері таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс орнының Атырау қаласынан алыс емесін атап өтіп, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлуге шақырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының еңбек құқығын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан Президенті кәсіпорын ұжымын тәулігіне 370 мың баррель мұнай өңдеп, рекорд жаңартуымен құттықтады және мұнайшыларға табыс, бақ-береке тіледі.  

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АРЕС PetroTechnic жоғары колледжіне барды.

Мемлекет басшысы колледждің оқу корпусын, лабораторияларын, шеберханаларын, кітапханасы мен жатақханасын аралап көрді.

Қазақстан Президентіне халықаралық стандарттар мен әлемдік озық тәжірибені, сондай-ақ, шетелдік және отандық мұнай-газ компанияларының талаптарын ескере отырып әзірленген инновациялық білім бағдарламаларын пайдалану APEC PetroTechnic колледжінің басты ерекшелігі екені баяндалды.  

Тәжірибеге негізделген оқыту барысында шынайы өндірістік үдерістер жасалады. Соның арқасында түлектер колледж бітірген соң, бірден өндірістегі күрделі міндеттерді табысты атқара алады.

Студенттермен және оқытушылар ұжымымен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ірі халықаралық мұнай-газ компаниялары үшін мамандарды шетелде емес, Қазақстанда даярлаудың маңыздылығын айтты. Оның пікірінше бұл үшін колледжде барлық жағдай жасалған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети