Президент Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады Сурет: Pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ардақты аналар! Аяулы арулар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер. Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады", - деді Президент.

Ол егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылғанын айтты.

"Отбасы институтын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы. Сіздердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктеріңізді арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенемін. Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - деді Тоқаев. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети