01 ақпан 2021 | 16:34

Президент Қазақстан мен Грузия арасындағы хаттамаға өзгерістер енгізуге қол қойды

Фото: Тengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқеав тағы бір заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқеав тағы бір заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы

"Қазақстан мен халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға; "2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, Сенат депутаттары 21 қаңтарда өткен отырыста Қазақстан мен ХҚК - ірі халықаралық даму институты арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң қабылдады.

ХҚК Дүниежүзілік банк тобының құрамына кіреді, БҰҰ мамандандырылған мекемесі мәртебесіне ие және 104 елде кеңсесі бар. Өңірлік офистер әлемнің тек 13 қаласында, оның ішінде Алматы қаласында орналасқан.

Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, ХҚК Қазақстанда 1994 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Осы кезеңнен бастап жалпы сомасы 1,6 миллиард доллардан асатын жобалар қаржыландырылды, бұл- Орталық Азия елдеріне салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 70 пайызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная