01 ақпан 2021 16:34

Президент Қазақстан мен Грузия арасындағы хаттамаға өзгерістер енгізуге қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқеав тағы бір заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқеав тағы бір заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы

  • "Қазақстан мен халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға;
  • "2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Сенат депутаттары 21 қаңтарда өткен отырыста Қазақстан мен ХҚК - ірі халықаралық даму институты арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң қабылдады.

ХҚК Дүниежүзілік банк тобының құрамына кіреді, БҰҰ мамандандырылған мекемесі мәртебесіне ие және 104 елде кеңсесі бар. Өңірлік офистер әлемнің тек 13 қаласында, оның ішінде Алматы қаласында орналасқан.

Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, ХҚК Қазақстанда 1994 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Осы кезеңнен бастап жалпы сомасы 1,6 миллиард доллардан асатын жобалар қаржыландырылды, бұл- Орталық Азия елдеріне салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 70 пайызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети