Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды", - деп жазды Смадияров Telegram парақшасында.
Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!