Президент Қазақстанның Аустралиядағы және Филиппиндегі елшілерін тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қазақстанның Аустралиядағы және Филиппиндегі елшілерін тағайындады Фото: Тengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі қазақ дипломатиялық миссиясын орындаушылардың арасында тағайындаулар жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі қазақ дипломатиялық миссиясын орындаушылардың арасында тағайындаулар жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети