02 қыркүйек 2019 12:59

Президент көпбалалы отбасыларға жасалатын көмек туралы айтты

© grifoninfo.ru © grifoninfo.ru

Көпбалалы отбасыларға баспана беруге 240 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Көпбалалы отбасыларға баспана беруге 240 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Биыл Елбасының бастамасымен "Бақытты отбасы" деген екі пайыздық жеңілдетілген мөлшерлеме және он пайыздық бастапқы жарна төлеу арқылы жүзеге асатын бағдарламасы құрылды. Бұл өте тиімді ұсыныс. Жылдың аяғына дейін 6000-ға жуық отбасы баспаналы болады. Ең алдымен көпбалалы отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 2020 жылы осы секілді 10 мың отбасыға баспана беріледі. Үкімет бұл бағдарламаға қатысуға нақты талаптар қойып, оның орындалуын қатаң бақылау қажет. Баспанаға мұқтаж отбасыларға ғана көмек көрсетілуі қажет", - деді Президент жолдауында.

Президент үкіметке үш жыл қатарынан тұрған, жағдайы нашар, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

"Тұрғын үй сатып ала алмай жүрген отбасылардың саны - 30 мың. Жалдап тұруға мүмкіндік беру керек. Сол себепті 2022 жылға қарай мемлекет 240 миллиардтан аса ақша бөледі", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, мұның алдында Президенттің бүгін, 2 қыркүйекте халыққа Жолдау жариялап, онда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері айтылатыны хабарланған еді. 

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің айтуынша, Жолдау бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланып, сағат 15:00-де барлық республикалық телеарнадан көрсетіледі.

Президент зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді тапсырды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети