Президент Құрылтайға сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қояды

Президент Құрылтайға сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қояды Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін бірқатар маңызды құжаттарға, соның ішінде Қазақстанның жаңа бірпалаталы Парламенті - Құрылтайға сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы саяси науқан ашық, адал және әділ бәсекелестік жағдайында өтуі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін бірқатар маңызды құжаттарға, соның ішінде Қазақстанның жаңа бірпалаталы Парламенті - Құрылтайға сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы саяси науқан ашық, адал және әділ бәсекелестік жағдайында өтуі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы болашақ Құрылтайдың елдің саяси жүйесіндегі рөліне тоқталды.

"Құрылтай жоғары заң шығарушы орган ретінде барлық бағыттар бойынша сабақтастықты, институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, көптеген жылдар бойы дәстүрлерді сақтап, парламентаризмнің бірегей мәдениетін жоғалтпай, керісінше оның әрі қарай дамуына ерекше мән бере отырып қалыптастыруы тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жарнама
Жарнама

Президенттің айтуынша, жоғары өкілді органның негізгі мақсаты - Әділетті Қазақстанды құру болмақ.

"Еліміздің жоғары өкілді органы – Құрылтайдың негізгі мақсаты – баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру ісіне атсалысу және осы бағытта белсенді жұмыс істеу", - деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Президент жаңа орган құндылықтарды орнықтыра түсуге барынша ықпал ететініне сенім білдірді.

"Бір палаталы өкілді орган өзінің заңнамалық миссиясын табысты орындай отырып, қоғамда Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік, Тазалық, Қоршаған ортаны қорғау сынды мызғымас құндылықтарды орнықтыра түсуге барынша ықпал етеді деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

"Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұғырына қонған Ата заңымыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістер кезеңіне жол ашады. Осыған орай, мен бірқатар маңызды құжатқа, соның ішінде Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлыққа қол қоямын", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, сайлау бәсекелі әрі ашық өтуі тиіс.

"Соған сәйкес партиялар арасындағы бәсеке де жандана түседі. Біз жасампаз ел ретінде осы саяси науқанды да жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс", - деді Президент.

Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан реформаларда азаматтардың рөлі зор екенін атап өтті.

"Қазақстан халқы – қоғамда жасалып жатқан түбегейлі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Азаматтармыз елдің ертеңіне бей-жай қарамай, шешуші сәтте таңдау жасауға қабілетті екенін айқын көрсетіп келеді", - деді ол.

Президенттің сөзінше, Құрылтай құрамына тек үздіктер кіруі тиіс.

"Құрылтай – жаңа тұрпатты Қазақстанның маңызды символы. Сондықтан оның құрамына нағыз отаншыл, бастамашыл әрі мемлекетшіл тұлғалар, яғни тек үздіктер ғана кіруі керек. Себебі халық реформалардың қаншалықты нәтижелі болғанын дәл осы Құрылтайдың қызметіне қарап бағалайды", - деді Тоқаев.

Соңында Тоқаев Сенат пен Мәжіліс депутаттарына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, олардың көбі жаңа мәртебеде елге қызмет етуді жалғастыратынына сенім білдірді.

"Жаңа кезең – жаңа мүмкіндіктер уақыты. Депутаттардың бірқатары Құрылтайға өтіп, ел игілігі жолында еңбек ете береді деп ойлаймын. Қазақстан Халық Кеңесінде де өздеріңіз секілді білікті азаматтар болуы керек деп санаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Еске салайық: Астанада Парламент палаталарының тарихтағы соңғы отырысы өтті. Бұған дейін Мәжіліс және Сенат қорытынды пленарлық отырыстарын өткізген болатын. Тамызда Қазақстанда Құрылтайға сайлау өтеді.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама