Қазақстан Мәжілісінің тарихтағы соңғы отырысы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Мәжілісінің тарихтағы соңғы отырысы өтті Бейнеден алынған кадр

Жұмада, 26 маусымда, VIII шақырылымдағы Мәжілістің төртінші сессиясының қорытынды жалпы отырысы өтті. Мәжілістің бұл шақырылымы Қазақстанның жаңа тарихындағы соңғысы болды. Оның және Сенаттың орнына бірпалаталы Парламент – Құрылтай келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Жұмада, 26 маусымда, VIII шақырылымдағы Мәжілістің төртінші сессиясының қорытынды жалпы отырысы өтті. Мәжілістің бұл шақырылымы Қазақстанның жаңа тарихындағы соңғысы болды. Оның және Сенаттың орнына бірпалаталы Парламент – Құрылтай келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Отырыс барысында депутаттар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға Сенат енгізген түзетулерді қарап, олармен келісті.

Сондай-ақ мәжілісмендер "2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдап, оны Сенатқа жолдады.

Парламенттік сессияның қорытындысын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов шығарды. Ол депутаттық корпусқа, Үкімет мүшелеріне, Мәжіліс аппараты мен БАҚ өкілдеріне бірлескен жұмыс үшін алғыс айтты.

Қазақстанның жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде өз күшіне енеді. Бұған дейін қабылданған Негізгі Заңға сәйкес, қазіргі қос палаталы Парламенттің құқықтық мұрагері Құрылтай болады. Оның депутаттарын сайлау тамыз айында өтуі тиіс.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +31
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +30
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +30
П
Павлодар +25
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +23
О
Орал +27
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер