Президент МӘМС туралы: Медициналық көмек сапасы жақсарды деп айтуға болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент МӘМС туралы: Медициналық көмек сапасы жақсарды деп айтуға болмайды Фото:depositphotos.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) қатаң бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) қатаң бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір мемлекет бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бөлініп жатыр. Соңғы жылдары әлеуметтік саладағы инфрақұрылымды дамыту үшін біраз жұмыс атқарылды. Әлеуметтік сала мамандарының, әсіресе педагогтер мен медицина қызметкерлерінің беделін арттыруға баса мән берілді. Енді азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту қажет. Бұл – ең алдымен, денсаулық сақтау саласына қатысты мәселе.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бес жыл болды. Содан бері бұл саланың бюджеті 2 есе артты. Биыл 2,6 триллион теңге бөлінеді. Алайда, медициналық көмектің сапасы айтарлықтай жақсарды деп айтуға болмайды. Көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес.

Бұдан бөлек, көп жағдайда ресурстар тиімсіз жұмсалады. Соның салдарынан бұл салаға қосымша қаржы бөліп, бюджетке салмақ салуға тура келеді. Үкімет медициналық сақтандыру жүйесінің қызметін қатаң бақылауға алуы керек. Бұл жүйе қарапайым әрі түсінікті болуға тиіс", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети