“Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе“ - Тоқаев сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе“ - Тоқаев сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс айтты Фото:gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікір білдіргенін және Конституциямыздың кейбір тұстарын нақтылай түсу қажеттігіне назар аударғанын айтты.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар.

"Қазіргі Ата заңға сәйкес Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі. Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді.

Бұл ретте, мәселенің бәрі "қалған мерзімге" деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, "қалған мерзім" 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін. Сондықтан, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет", - дйеді Президент.

Тоқаевтың сөзінше, бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным.

"Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 509.47  course up  592.1  course up  6.54  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети