Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Елбасы мемлекет құрудың бастапқы кезеңінен бергі даму жолында "Нұр Отан" партиясының атқарған рөлі мен еңбегіне тоқталды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне партияның белсене атсалысып келе жатқанын, оның халық алдындағы беделінің және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.
Құл-Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмысы туралы да баяндады.
Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.