Президент мұнай-газ саласында өнімді еңбек еткендерді марапаттады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда баспасөз қызметі Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы энергетика саласының түбегейлі өзгергеніне, логистика, экология мәселелерінің маңызы артқанына назар аударып, бұл секторда алдағы уақытта атқарылуға тиіс бірқатар міндетке тоқталды.

"Ғылыми-технологиялық прогресс әлемдік мұнай-газ саласын дамытуда айрықша рөл атқарады. Мұнай өндіру көлемі тұрақты өсуі үшін геологиялық барлау және кен орындарын игеру ісіне озық технологияларды белсенді түрде енгізу қажет. Бұрын-соңды болмаған халықаралық тұрақсыздық жағдайында экспорттық бағыттарды одан әрі әртараптандыру – басты міндет. Мұнай өңдеу секторын дамыту маңызды. Заманауи экологиялық стандарттарға сай мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз ету керек. Мұнай-газ химиясының да келешегі зор", – деді Мемлекет басшысы.

Президент жақында Атырауда полипропилен зауыты іске қосылғанына тоқталып, осы саладағы басқа да жобаларды уақтылы жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.

"Біз өңделу деңгейі жоғары өнім шығару мүмкіндігімізді еселей түсуіміз керек. Мұнай-газ – еліміздегі орта бизнесті дамыту тетіктерінің біріне айналуға тиіс. Бұл – ауқымы кең сала. Осы мақсатқа жету үшін мемлекет кешенді шаралар қабылдап жатыр. Аталған секторда қызмет ететін ірі кәсіпорындар отандық кәсіпкерлердің өнімдерін өз қажетіне жаратуға басымдық бере отырып, жергілікті үлесті кезең-кезеңімен арттыра беруі қажет. Әлеуметтік жауапкершілікті күшейту, әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымның дамуына қомақты үлес қосу – негізгі міндет. Білікті мамандар даярлауға баса мән беру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиын соңында Президент мұнай-газ саласында өнімді еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro