20 қаңтар 2014 14:01

Президент өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттыруды міндеттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Марат Абилов© Фото Марат Абилов©

Қазақстан Президенті өз Жолдауында азаматтардың өмір жасын ұзартуды және Қазақстанды орта таптың үлесі мол елге айналдыру міндетін қойды деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қазақстан орта таптың үлес салмағы мол елге айналады. Урбанизацияның ғаламдық үдерісінің ізімен қалалық тұрғындардың үлесі барлық халықтың бүгінгі 55%-ынан 70%-ға дейін жетеді, сапалы жолдары, көліктің барлық түрінің жылдам қатынастары бар қалалар мен елді мекендер, салауатты өмір салтын енгізу мен медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа және одан жоғарыға арттыруға мүмкіндік береді", - деді ол Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша 2015 жылға қарай қазақстандықтардың орташа есеппен 70 жасқа дейін өмір сүретіні хабарланған еді. "Соңғы жылдары республика бойынша межеленген өмір сүру ұзақтығы 2,5 жылдан артық уақытқа артты (2008 жылы - 67,11 жыл, 2012 жылы - 69,61 жыл). Денсаулық сақтауды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламада 2015 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа жеткізу қарастырылған", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, соңғы 10 жыл ішінде елімізде туу көрсеткішінің 1,3 есе өскені байқалды. Халықтың табиғи өсімі 2,1 есе артты. Ана өлімі 3 есе, Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымымен бекітілген меже тұрғысынан бала өлімі 1,5 есе төмендеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети