08 қараша 2022 | 11:51

Президент өңірлерден басқа облыстарда нысан салу талап етілмейтінін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта өңірлерден басқа облыстарда құрылыс салу талап етілмейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта өңірлерден басқа облыстарда құрылыс салу талап етілмейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Атырау өңірінде ел өміріне белсене араласып жүрген меценат азаматтар баршылық екенін атап өтті.

"Осы орайда, жергілікті кәсіпкерлерге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Атыраулықтар елордамыздың 20 жылдығына тамаша тарту жасағанын бүкіл ел біледі. Есілдің үстіне салынған бекіре балығы тәрізді көпір – Астананың көркін аша түскен бірегей нысанның бірі. Сол сияқты Түркістандағы "Ұлы дала елі" орталығы – Атырау жұртының сыйы", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мұны мемлекет те, халық та жоғары бағалайтынын айтты.

"Әрине, басқа аймақтар да ортақ іске өз үлесін қосып келеді. Осындай жанашырлық пен ынтымақтың арқасында елдігіміз нығаяды.

Алайда, біз келешекте аймақтардан осындай сыйлықтарды талап етпейміз, әрбір облыс мейлі жаңа болса да, өз күшімен, Үкіметтің көмегімен, инвесторлардың қолдауымен өз жұмыстарын өздері атқаруы керек", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети