Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі жұмыстары, ұйымның XXVII сессиясында берілген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ еліміздегі этносаралық қатынас саласындағы жағдайлар жөнінде баяндалды.

Қазақстан Президенті Ассамблеяның жүргізіп жатқан жұмыстары үшін Ж.Түймебаевқа ризашылық білдірді.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жұмысы, соның ішінде президент сайлауы барысындағы еңбегі үшін, ризашылық білдіремін. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамымыздың бірлігін сақтау үшін маңызды жұмыс атқарып келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының әзірлену барысы туралы мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети